11 Желтоқсан, 2018

Көк тайғақ кезінде Индерде жеті тұрғын дәрігерлер қызметіне жүгінген

ATPress.kz, 11 желтоқсан. Көк тайғақ, ала тұман салдарынан Индер аудандық ауруханасына жеті адам түрлі жарақатпен түскен. Оның бесеуі бүгінде ем алуда.

Ал, Құрылыс ауылының бір тұрғынын машина қағып, мерт болған. Бүгінде тергеу-тексеру жұмыстары жүруде.

Индер аудандық әкімдігінің төтенше жағдайлар бойынша бас маманы Қайыржан Нұриевтың хабарлауынша, Индербордағы жолдарға «Ақ Жайық» ЖШС арқылы 11 т.м. инертті материал төгілген. «Өкінішке орай, қар мен көктайғақ кезіндегі жолға іркілетін қалдықты  жинап алатын техника жоқ» дейді спикер.

С. Халықов


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Индер