08 Желтоқсан, 2018

Жастар әзіл жарыстырды

ATPress.kz, 8 желтоқсан. Жастар ресурстық орталығы мен Мақат аудандық КТК лигасы «Көңілді тапқырлар клубы» әзіл-сықақ кешінің жартылай финалын өткізді.


Ойыншылар сәлемдесу, жамбы ату, сұрақ-жауап кезеңдері бойынша сайысқа түсті.

Әр құрама өзіндік ерекшеліктері мен астарлы, үздік әзілдерімен көрерменнің көңілінен шыға білді.

Қорытындысында «Х.Санбаев», «Ғажайып қыздар», «Ұлы дала актёрлары», «Fire» және «Доссор» құрамалары ақтық мәреге жолдама алды.

Е. Мырза



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда