08 Желтоқсан, 2018

«Жан пиданы» доссорлықтар жылы қабылдады

ATPress.kz, 8 желтоқсан. Атырау жастар театры Доссор халқына Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романының желісі бойынша қоюшы режиссер Мұханғали Томанов жазған драмалық қойылымын ұсынды.

Жастарды нашақорлыққа қарсы күреске үндеп, қоғам дертіне айналған нашақорлықтың айықпас азабын түсіндіруді мақсат еткен туындыны көрермен жақсы қабылдады. 
Қасқырлар әлемімен қатар суреттелген шығарма бүгінгі күннің өзекті мәселесін алға тартты.
Жас әртістердің шеберлігіне қалың көрермен орнынан тұрып қол соғып, қошемет білдірді. 
Е. Мырза


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда