08 Желтоқсан, 2018

Жылыойлық оқушылар салауатты өмір салтын насихаттады

ATPress.kz, 7 желтоқсан. Дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернаты ЮНЕСКО халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп, «Салауатты өмір - нұрлы болашақ!» тақырыбында көрме өткізді.

Көрмеде 25 зерттеу жұмысы болды. Атап айтқанда, фаст фуд тағамдарының зияны мен газды сусындардағы қанттың мөлшері мен зиянын көрсетті. Зерттеулер бойынша күнделікті тұтынатын сусындарда қанттың мөлшері көп болып шықты. Оқушылар көрермендерге смартфонды көп қолданбауға кеңес берді.

Сондай-ақ, құмар ойындарының психикаға зияны, обыр, инфаркт, СПИД ауруларының пайда болуы, бір реттік жөргектің зияны, ішімдік пен темекінің адамға тигізер залалдары мен олардан сақтану жолдары айтылды.

Ж. Шаңқанова


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Жылыой