11 Желтоқсан, 2018

Әжелер ұсынған әсерлі кеш

ATPress.kz, 11 желтоқсан. Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округінің мәдениет үйінде «Замандастар» әжелер ансамблінің шығармашылық кеші өтті.

Оған ауыл тұрғындары, Құрманғазы аудандық аналар кеңесінің мүшелері, округ әкімі және мекемелердің басшылары қатысты. Мәдениет үйінің директоры Нұрлан Мұфтоллаев концерттік бағдарлама барысында өлке тарихы туралы мәлімет берді.

Кеш барысында ансамбль мүшелерінің жеке орындауындағы әндер де тыңдалды. Соңында ансамбльдің жетекшісі Сақыпжамал Сұлтанова бір жылдық жұмыс қорытындысымен таныстырды. Одан кейін Сафон ауылдық округі әкімі Роза Қамзаева, Құрманғазы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова құттықтау лебіздерін білдірді.

Гүлден Ибрагимқызы,

Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің Құрманғазы ауданы бойынша сарапшысы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Құрманғазы #Сафон