11 Желтоқсан, 2018

Ақ шағылдағы өшпейтін із

ATPress.kz, 11 желтоқсан. Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің туған күніне орай, Жұмекен ауылында Құрманғазы аудандық көркемсөз оқу шеберлері мен суретшілер байқауы өтті.

Қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінді. Талапкерлерге Ж. Нәжімеденовтің бір жырын айту, тағы да Жұмекенге арнаған басқа ақындардың бір өлеңін оқу талабы қойылды. Алғашқы алты талапкердің ішінен үшеуі жеңімпаз орындарды еншіледі. Олар А. Сәбитова (Ақкөл орта мектебі), Ж.Зұлпыхар (Ә. Сәрсенбаев орта мектебі), А. Қабекешова (Абай орта мектебі).

20 жастан жоғары үш қатысушы төмендегіше орналасты: Т. Өтемұратова (Әуезов орта мектебі), Ә. Сейітқалиева (Морской мәдениет үйі), Г.Даумова (Нұржау мәдениет үйі).

Жұмекенге арналған биылғы шараның өзгешелігі - суретшілерге ақынның портретін немесе өлеңдерінде кездесетін көріністерден композиция жасап, жұмыстарын көрермендерге көрме ретінде ұсыну болатын. Әр суретші өз туындысын лед экран арқылы қорғады.

І, ІІ орындарды Ж. Қамзақызы (Д. Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі), Ж. Ғинаятов (Еңбекші орта мектебі) иеленсе, ІІІ орыннан А.Мырзабеков (Ә.Сәрсенбаев мектебі), С.Жақсылықова (Әуезов мектебі) көрінді.

Ересек суретшілерден А.Хамзина (Д. Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі) жеңімпаз болса, Еңбекші орта мектебінен Ә. Қауысова ІІ орынды місе тұтты.

Есмұхан Жанизин,

Жұмекен ауылы


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Жұмекен Нәжімеденов #Құрманғазы