11 Желтоқсан, 2018

Құрманғазы өңірінде нарколог дәрігердің есебінде 11 адам тіркеуде тұр

ATPress.kz, 11 желтоқсан. Жасөспірімдерді қоғамдағы жат қылықтардан сақтандыру бағытында Құрманғазы ауданына қарасты мектептерде 29 наркологиялық бекет жұмыс жасауда.

Бұл туралы Құрманғазы ауданы мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың кезекті мәжілісінде  белгілі болды.

Құрманғазы аудандық ауруханасының нарколог дәрігері Т. Сисенәлиевтің хабарлауынша, өңірде нарколог дәрігердің есебінде 11 адам тіркеуде тұр. "Олар нарко тест ИХА-3-мульти-фактор арқылы қаралып, емін уақтылы алуда" деп атап өтті ол.

Құрманғазы ауданы ішкі істер бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Е. Биғамбаевтың айтуынша, жергілікті полиция қызметкерлері психотроптық дәрі-дәрмек анықтайтын ауруханалармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. "2018 жылдың 9 айында ҚР ҚК-нің 296 бабымен 1 қылмыстық іс тіркелді. Сәуір айында Құрманғазы ауылының тұрғыны Р.Төлегеновтің тұрғын үйін тінту кезінде шамамен 12,0 гр. есірткі заты тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлігімен қозғалған іс Құрманғазы ауданы сотына жолданды" деп атап өтті спикер.

А. Шакупова

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Құрманғазы