05 Желтоқсан, 2018

Атырауда халықаралық жемқорлықпен күрес күніне бірыңғай сынып сағаттары өтті

ATPress.kz, 5 желтоқсан. Атырау қаласындағы Жұмыскер кентіндегі И. Тайманов атындағы орта мектебінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, бірыңғай сынып сағаттары өтті.

Шара аясында мектеп оқушылары топпен жұмыс жасай отырып аталған тақырып бойынша түрлі тапсырмаларды орындады. Сынып сағаттары барысында мұғалімдер  азаматтық жауапкершілік, заңды сақтау, ар және адалдық, кіршіксіз бедел, сыбайлас жемқорлықпен тақырыптарын кеңінен тартқатты.

«Бұл іс-шара мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтың түрлері мен оған қолданылатын жазалау өлшемдері, мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі рөлі туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді», - дейді ұстаздар.

Өз тілшіміз 

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда