09 Қараша, 2018

Спортшы мұғалімдер спартакиадада топ жарды

ATPress.kz. 9 қараша. Атырау облысы деңгейінде ұйымдастырылған мұғалімдер арасындағы спартакиадада Құрманғазы ауданы командасы жалпы есепте бірінші орынды жеңіп алған еді.

Спортшы мұғалімдерді Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев қабылдап, құрмет көрсетті.

«Бұдан былай да педагогикалық құрамда салауатты өмір салтын серік еткендердің санын арттыру мәселесі басты назарда қала беретін болады. Осыған байланысты, ұстаздарымыздың спортпен шұғылдануына жақсы жағдай туғызып отырған мектеп басшыларына, білім бөлімі мамандарына рахмет айтамын», - деген Өркен Тәжібаев спартакиада барысында табысты өнер көрсеткендерді алғыс хатпен марапаттады.


А. Нәжімов

Тегтер: спортшы мұғалімдер спартакиада