09 Қараша, 2018

«Бірлік» - ең үздік бастауыш ұйым

ATPress.kz. 9 қараша. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясында үздік бастауыш партия ұйымын анықтау мақсатында жарияланған байқаудың қорытындысы жарияланды.

Конкурс қорытындысымен бірінші санаттағы ұйымдар арасынан бірінші орынға «Бірлік» бастауыш партия ұйымы лайық деп танылды.

Бүгінгі таңда Құрманғазы ауданында орналасқан «Бірлік» бастауыш ұйымының партиялық жобаларды жүзеге асыруы, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануы, азаматтық бастамаларға қолдау білдіруі, жетекшінің белсенділігі және жастармен жұмысы жақсы жолға қойылғанын атап өткен жөн.

Конференция барысында облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев жеңімпаз атанған «Бірлік» бастауыш партиясы ұйымының жетекшісі Бауыржан Ақпановқа диплом мен естелік сыйлық табыстады. Енді, «Бірлік» ұйымы Алматы қаласында өтетін республикалық байқауда Атырау облысының намысын қорғайтын болады.


А. Шакупова

Тегтер: Нұр Отан Бірлік ең үздік бастауыш ұйым