08 Қараша, 2018

Махамбет ауданында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді

ATPress.kz. 8 қараша. Махамбет ауданында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Көпфункционалды балалар ойын алаңы «Шұғыла» ықшам ауданында «Сәби» қайырымдылық қорының демеушілігімен салынған. Мақсаты – aуылдық жерде спортты дамыту, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау.

Салтанатты шараға аудан әкімі Ж. Ахметов пен «Сәби» қайырымдылық қоры Президентінің өкілі, жоба жетекшісі Р. Досымжанқызы және аудан тұрғындары мен мекеме басшылары қатысты.

Жалпы аумағы 1500 шаршы метрді құрайтын спорттық нысан футбол, волейбол және баскетбол алаңы, street workout жаттығу аймағы және 3-12 жас аралығындағы балаларға арналған ойын алаңынан тұрады. Сонымен қатар, ерекше күтім мен қамқорлыққа зәру балалардың да талаптары ескеріліп, оларға арнайы ойын алаңы орнатылған.


Айқара Ғұмар

Тегтер: Махамбет ауданы жаңа спорт алаңы