08 Қараша, 2018

Білікті маман Зинетолла Мұқлесовке құрмет көрсетілді

ATPress.kz. 8 қараша. Құрманғазы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан мемлекеттік қызметкер Зинетолла Мұқлесов зейнет жасына толды.

Осыған байланысты, мерейгерді Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров қабылдады.

«Зинетолла Мұқлесұлы Құрманғазы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар еңбек етті. Ол білікті маман, іскер басшы ғана емес, шебер ұйымдастырушы, жақсы спортшы. Кезінде спорт комитетінің төрағасы бола жүріп, республикалық, облыстық дәрежеде үлкен жарыстар ұйымдастырды. Құранғазы жеріне «Қайрат» командасын шақыртып, ойын өткізгені де есте», - деген Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров мерейгерге құттықтау хатын табыс етті.

Айта кетелік, қазіргі таңда Зинетолла Мұқлесов Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымында.


Қанат Ғұмаров

Тегтер: мемлекеттік қызмет Зинетолла Мұқлесов