08 Қараша, 2018

Жалақыға бонус қандай жағдайда төленеді?

ATPress.kz. 8 қараша. Жаңа жылдан бастап, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жаңа жүйемен төленеді.

Соның ішінде, Атырау облысындағы мамандардың да айлық табысы жаңа факторлық-баллдық шкала жүйесі арқылы бағаланады деп күтілуде.

- Яғни, әр маман жасаған еңбегіне байланысты айлығын алатын болады, - дейді Құрманғазы ауданы әкімі аппараты персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы Әділбек Мусин. - Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің басты айырмашылығы – қызметшілерге жүктелген міндеттердің ауқымдығын және тиімділігін ескереді. Барлық лауазымдар үш фактор негізінде бағаланады: білім деңгейі, құзыреттері мен жұмыс тәжірибесі, лауазымға жүктелген міндеттердің күрделілігінің дәрежесі және нәтижеге қол жеткізбегені үшін жауапкершілік дәрежесі. Факторлардың әрқайсысы бойынша балл шығарылады және олардың жиынтығы жаңа еңбекақы желісіндегі лауазымның орнын анықтайды. Бұған қосымша жыл соңында қызметшілерге жұмыс тиімділігіне сәйкес төрт  немесе одан жоғары жалақы көлемінде бонустар беріледі.

Айтуынша, жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгелі бері көршілес Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметкерлер арасында өз еркімен қызметтен кету күрт төмендеп, керісінше, мемлекеттік қызметке келгендер саны артқан. Қазір ол өңірде бір орынға 50-60 адам үміттенеді. Сонымен қатар, мамандардың еңбекақылары екі есеге өскеннен кейін кадр тұрақсыздығы жойылып, олардың қабілеті күшейе бастаған.


А. Шакупова

Тегтер: жалақыға бонус төлеу мемлекеттік қызмет