08 Қараша, 2018

Атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін сотталды

ATPress.kz. 8 қараша. Атырауда атыс қаруын заңсыз сақтаған азамат жауапқа тартылды.

«Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен профилактикалық іс-шара өткізу барысында оның тұрғын үйінен тіркелмеген «Зауэр» маркалы атыс қаруы табылған», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындап, қарудың әкесіне тиесілі болғанын, кейін әкесі бақилық болған соң қаруды өз үйінде сақтағанын айтты.

Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 287 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, пробациялық бақылау белгіленді.


Айқара Ғұмар

Фото rkc-stroy.spb.ru сайтынан алынған

Тегтер: атыс қаруын заңсыз сақтау сот