07 Қараша, 2018

Жәннат әженің өнегесі

ATPress.kz. 7 қараша. Атырауда «Өнегелі әже» атты облыстық байқау өтті.

Аталмыш байқауда жасы 80-нен асқан ұлағатты әже, «Алтын алқа» иегері, ардагер-ұстаз Жәннат Құрманғалиева Құрманғазы ауданының намысын қорғады. Бес кезеңнен тұрған байқауда үміткерлер ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуде кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде күй елінің намысын қорғаған Жәннат Құрманғалиева бірінші орынды жеңіп алды.

Айта кетелік, аталмыш байқауды Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы және Атырау облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер, ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.


А. Шакупова

Тегтер: Өнегелі әже Жәннат Құрманғалиева байқауда