07 Қараша, 2018

Татьяна тамылжытқан әндер

ATPress.kz. 7 қараша. Қазақтың қара домбырасының үнін әуелетіп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Татьяна Бурмистрова Индер ауданында ән кешін өткізді.

Өнер иесі «Анашым», «Әкелерге арналған», «Тағдырыммен бетпе-бет», «Келінжан» әндерін асқақтатып, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. Айтулы кеште өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген әнші Ботакөз Анарова ырғақты домбыраға қосылып, «Аяулы қарындасым», «Мен қазақтың қызымын», «Ақ тамақ» әндерін көрерменнің жүрегіне жеткізе білді.

Кеш соңында Индер ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев өңір жұртшылығына сыйлаған рухани әдемі кеш үшін өнер иесі Татьяна Бурмистроваға ризашылығын жеткізді.


Гүлалия Игілікова

Тегтер: Татьяна Бурмистрова Индер ауданы ән кеші