07 Қараша, 2018

Жұмекен атындағы турнир балғын боксшылардың басын қосты

ATPress.kz. 7 қараша. Ақын Жұмекен Нәжімеденовті еске алуға арналған бокстан дәстүрлі республикалық турнир жалауын көтерді.

2005 - 2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында өтіп жатқан турирде Астана, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары, Астана қаласы және көршілес Ресей елінен келген балғын боксшылар бақ сынасуда. Турнирдің ашылу салтанатында Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнир аясында жарыс қонақтары – Атырау облыстық бокс федерациясының тете-президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Сәрсенбай Торғаевтың және бокстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бекболат Құрамысовтың өңіріне Құрманғазы ауданының 90 жылдығына арналған ескерткіш медаль тағылды. Сондай ақ, республикаға танымал ринг-анонсер Ажибаев Аманбайға Құрманғазы ауданының құрмет грамотасы табысталды.


А. Нәжімов

Тегтер: республикалық турнир бокс Жұмекен Нәжімеденовті еске алу