07 Қараша, 2018

Атырауда мектеп пен балабақшаларға қабылдау автоматтандырылады

ATPress.kz. 7 қараша. Алдағы уақытта Атырауда мектеп пен балабақшаларға қабылдау автоматтандырылады.

Баспасөз конференциясында қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева осылай деп мәлімдеді.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында тиісті жұмыстар атқарылуда. Осыған сәйкес, 57 мектеп пен 89 балабақшада, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысын алып отырған 32 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымында автоматтандыру жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, конференцияда өңірде тұңғыш рет «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қолдауымен ашылған IT (айти) сыныптар жайлы да айтылды.

Бүгінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында заманауи сыныптар №13 Д. Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназиясында пайдалануға берілген. Мұнда оқушылар веб-сайттар жасап, анимация дайындауды үйренеді. Сондай-ақ, робототехника машықтарын меңгеруде.

Айта кетейік, 2019 жылы Атырау қаласындағы 6 (№6, №8, №11,№17, №31 және №35 орта мектеп) мектепте IT сыныптар ашу жоспарланған.


Айдос Қарабала

Фото zakon.kz сайтынан алынған

Тегтер: білім беру брифинг мектеп балабақшалар қабылдау автоматтандырылады