07 Қараша, 2018

Қосымша білім беру мәселесі талқыланды

ATPress.kz. 7 қараша. Қазақстан Республикасы қосымша білім беру саласының 100 жылдығына орай «Қосымша білім беру педагогінің шығармашылығы» Құрманғазы ауданында облыстық форум өтті.

Форум барысында Құрманғазы ауданындағы бес қосымша білім беру ұйымдары – Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі, Дәулеткерей атындағы балалар музыка мектебі, аудандық жас туристер бекеті, оқушылар үйі, аудандық балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру, даярлық клубының үйірме жетекшілері бала бойындағы дарындылықты дамыту, шығармашылықты шыңдау бағытында жұмыстарын насихаттады.

Облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының бөлім басшысы Зина Изтелеуова қосымша білім берудің аудандағы жұмысын оң бағалап, форумға жоғары баға берді.


А. Шакупова

Тегтер: форум Қосымша білім беру педагогінің шығармашылығы