06 Қараша, 2018

Жалған айғақ бергені үшін 2 жылға сотталды

ATPress.kz. 6 қараша. Атырауда сотта жалған айғақ берген жігіт екі жылға бас бостандығынан шектетілді.

Ол әкімшілік іс бойынша куә ретінде шақырылып, сотта танысының автокөлікті ішімдік ішпеген күйінде жүргізгенін айтып, жалған айғақ берген.

«Алайда, сот талқылауы барысында оның танысының автокөлікті масаң күйде жүргізгені өз дәлелін тауып, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, көрінеу жалған айғақ бергені үшін аталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығарылды», - дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, жаза өтеудің барлық мерзімінде пробациялық бақылау белгіленді.


Айқара Ғұмар

Фото sputniknews.com сайтынан алынған

Тегтер: сот жалған айғақ бергені үшін