10 Қазан, 2018

Атырауда жаяу жүргіншіге арналған жерүсті өткелдері қай жерлерге салынады?

ATPress.kz. 10 қазан. Атырау қаласындағы бес нүктеде жаяу жүргіншіге арналған жерүсті өткелдері салынады.

Бүгінде құрылысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен. Мердігер мекеме - «АтырауИнжСтрой» ЖШС.

Жерүсті өткелдерінің құрылысына қалалық әкімдіктен қажетті қаржы бөлінген. Жалпы сомасы 740 миллион теңгені құрап отыр. 

Сонымен, жаяу жүргінші өткелдері қай жерлерге орнатылады?

- Баймұханов көшесі (Теміржол вокзалының маңы);

- Махамбет көшесі («Светлана» аялдамасы);

- Азаттық көшесі (салық комитетінің тұсы);

- Сәтбаев даңғылы (музыкалық академия маңы);

- Сәтбаев пен Тайманов даңғылдарының қиылысы.


Айдос Қарабала

Тегтер: жаяу жүргінш жерүсті өткелдері