10 Қазан, 2018

Қылмыстық іздестіру қызметіне – 100 жыл

ATPress.kz. 10 қазан. Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру қызметінің 100 жылдығын атап өтті.

Шара барысында бір топ сала ардагерлері, іс басындағы полиция қызметкерлері мерекелік медальдармен марапатталды.

«Ғасырлық тарихы бар сала мемлекет үшін аса маңызды. Қылмыс болған орынға жедел жетіп, ширақ қимылдап, ізін суытпай заң бұзушыны табуда сала мамандарының кәсібилігі жылдан-жылға артып келеді», - дейді Құрманғазы аудандық криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы М. Үмбетәлиев.

Айта кетелік, қылмыстық іздеу қызметі жедел уәкілдер, тергеуші, криминалист, кинолог, зертхана қызметкерлерінен құралған. Олар қылмыс жасап, із суытқандарды іздеумен айналысады.


А. Шакупова

Тегтер: Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іздестіру қызметі