09 Қазан, 2018

Атыраулық Дмитрий Ли - Паразиада ойындарының күміс жүлдегері

ATPress.kz. 9 қазан. Дмитрий Ли Паразиада ойындарындағы екінші жүлдесін еншіледі.

Байрақты бәсеке Индонезияның Джакарта қаласында өтуде. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, атыраулық спортшы Дмитрий Ли 100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз жарыс жеңімпазы атанған ирандық спортшыдан 1 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті үнді жігіті түйіндеді.

Айта кету керек, жарыстың алғашқы күні спортшымыз 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде қола жүлдегер атанған болатын.


Айдос Қарабала

Фото облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының Facebook парақшасынан алынған