05 Қазан, 2018

Атырау қаласы әкімі кубогының иегерлері анықталды

ATPress.kz. 5 қазан. 4 қазан күні орталық «Атырау» спорт кешенінде дзюдодан Атырау қаласы әкімінің кубогыне арналған жасөспірімдер арасында ашық қалааралық турнир өтті.

Жарысқа көрші Ресей елінен, Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе және Атырау облыстарынан барлығы 15 команда қатысты.

Сайыстың ашылуында Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Атыраудағы дзюдо спортының дамуына ерекше баға беріп, жақында ғана жоғары деңгейде ұйымдастырылған Парадзюдодан әлем кубогын атап өтті. Осындай турнирлердің көптеп өткізілуі бүгінгі Атырау облысында жасалынып жатқан жұмыстың айқын дәлелі екенін жеткізді.

Әкім кубогын және 300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны Ақтөбе облысының құрамасы еншіледі. Олар жергілікті №1 ОРМБЖМ спортшыларын ақтық сайыста 4:2 есебімен ұтты. Үшінші орынды №4 және №1 спорт мектебінің балуандары бөлісті.


Айқара Ғұмар

Тегтер: Атырау қаласы әкімі кубогы