05 Қазан, 2018

Қала әкімі «Қамқорлық» айына белсенді қатысуға шақырды

ATPress.kz. 5 қазан. 1 қазанда басталған жалпыреспубликалық "Қамқорлық" айы аясында Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы "Шаңырақ" балалар ауылының тәрбиеленушілеріне барды.

Бүгінде мұнда 3,5 жастан 18 жасқа дейінгі 62 бала тұрады. Олардың әрқайсысында 10 баладан тәрбиеленетін алты отбасы жеке жабдықталған бөлмелерде орналасқан, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, жатын бөлмесі, ас үй, ойын бөлмесі және қонақ бөлмесі бар.

"Шаңырақ" отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаеваның айтуынша, балалардың 20 пайызы жетімдер және жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.

- Биыл біздің ауыл үшін өте қуанышты жыл болды. Бізге жаңа ғимарат салуға жер бөлді. Қазіргі уақытта жаңа ауыл құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде, біз жақын арада балалардың қоныс тойын тойлаймыз деп үміттенеміз, - дейді Гүлсара Ботатаева.

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы балаларды қала күнімен құттықтап, жергілікті тұрғындардың әрқайсысына сыйлықтар табыс етті.

- Баршаңызға белгілі, 1 қазанда жалпыреспубликалық "Қамқорлық" айы басталып, бұл күні Қарттар үйінде қайырымдылық түскі асы ұйымдастырылған болатын. Бүгін біз "Шаңырақ" ауылының балаларына бардық. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады. Атырау қаласының барлық тұрғындарын осы акцияны қолдауға және нағыз мұқтаж адамдарға көңіл бөлуге шақырамыз, - деді Атырау қаласының әкімі.

Айта кетейік, жалпыреспубликалық "Қамқорлық" айы қазан айының соңына дейін жалғасады. Қазақстанның барлық аймағында бір ай бойы қайырымдылық іс-шаралар, акциялар өткізіледі.


Айқара Ғұмар

Тегтер: Қамқорлық жалпыреспубликалық айы