09 Қазан, 2018

Ержан Сәлімгереев Паразиада ойындарының чемпионы атанды

ATPress.kz. 9 қазан. Индонезия астанасы Джакартадан сүйінші жаңалық.

Жүзу спорты бойынша жарысқа қатысқан жерлесіміз Ержан Сәлімгереев 100 метрде еркін әдіспен жүзуде қарсылас шақ келтірмеді.

S6 санаты бойынша сынға түскен Ержан қашықтықты 1:12 секундта бағындырды. Екінші орынды 1:14 секунд уақытымен қытайлық спортшы еншілесе, үздік үштікті 1:15 нәтижесімен Филиппин аралдарынан келген спортшы түйіндеді.

Айта кету керек, Ержан Сәлімгереев әлі төрт қашықтық бойынша сынға түседі.

Айқара Ғұмар