Терезе сындырғаны үшін 2 тәулікке қамалды
ATPress.kz. 9 қазан. Атырауда мемлекеттік мекеменің терезесін сындырған жігіт 2 тәулікке қамалды.


Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, айыпталушы азамат алкогольдік ішімдік ішкен күйінде Махамбет ауылында орналасқан обаға қарсы күрес бөлімшесіне кіріп, бақылау-өткізу пунктінің терезесін сындырып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сотта құқықбұзушы өз кінәсін мойындап, терезені жөндеп қалпына келтіргенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабының, 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке қамауға алынды.
Айқара Ғұмар
Фото интернеттен алынған
Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда