05 Қазан, 2018

Білім саласына ерекше көңіл бөлінді

ATPress.kz, 5 қазан. Жолдауда айтылған ең басты мақсат – халықтың әл ауқатын көтеру.

Бүгін біз Елбасының дәстүрлі халыққа Жолдауын тыңдадық. Жолдауда айтылған ең басты мақсат – халықтың әл ауқатын көтеру. Бұл – жыл сайын көтерілетін негізгі мәселелер. Ал бүгінгі Жолдауда ғылым, білім саласына ерекше көңіл бөлген. Себебі, Елбасымыз айтқандай, мектепке дейінгі білім беруді дұрыстап қолға алу керек. Сондай-ақ, Жолдауда мектептердегі қазіргі болып жатқан реформаларды жалғастыру туралы, жоғары оқу орындарындағы білім сапасы, жастардың жұмысқа орналасуы туралы сөздері сол саланың қызметкері болғаннан кейін өзіме жақсы әсер берді. Мәселен, былтыр бітірген түлектердің 87 пайызы жұмысқа орналасты. Олардың қазіргі орташа жалақысы 116 мың теңгені құрайды. Біз мұғалім кадрларын дайындау арқылы облысты түгелге жуық қамтамасыз еттік.

Менің ойымша, бұл Жолдаудың негізгі құндылығы – келесі жылдың ел болашағы саналатын Жастар жылы болуында.


Абзал Талтенов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры