05 Қазан, 2018

Жастарға жасалған үлкен мүмкіндік

ATPress.kz, 5 қазан. Бүгінгі Елбасының Жолдауы біздер үшін өте маңызды болды. Себебі, мектептердегі туризмді дамыту туралы үлкен бастаманың негізін салып берді.

Бүгінде облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып, «Қасиетті Қазақстан» картасына енген 7 республикалық, 20 жергілікті нысанға оқушыларды апарып, оларды ғылыми зерттеуге тарта отырып, ел тарихымен таныстыру бағытындағы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Бұл ретте, Елбасы келер 2019 жылды «Жастар жылы» деп атады. Бұл қызметкерлерінің 80 пайызы жастардан құралған біздің музей үшін өте тиімді болғалы тұр.

Биыл экспериментальді түрде 3 бағыттағы екі күндік маршрутті жасақтағанбыз. Бұған тартылған жастар өңірдегі тарихи орындарға барып, музейдің ғылыми мамандарымен бірге зерттеу жұмыстарына қатысуда. Сондай-ақ, музейдің жанынан құрылған «Жас экскурсовод» үйірмесінің мүшелері туристерге экскурциялық қызмет көрсетеді. Әлбетте, бұл жастар үшін де маңызды болмақ. Себебі, осы арқылы танымы кеңейіп, туған жердің тарихымен жете танысуға мүмкіндік алады.

Рашида Харипова, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры