04 Қазан, 2018

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 1 жылға сотталды

ATPress.kz. 4 қазан. 25 жастағы атыраулық азамат заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол салық органына тіркелмей, заңсыз букмекерлік қызметпен айналысқан. Қажетті компьютерлік құрылғыларды сатып алып, Нұрсая ықшам ауданында бәс тігетін ойындар ойнауға мүмкіндік жасаған.

Қылмыстық істі басты сот талқылауында қарау барысында сотталушы және адвокаты кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақтады.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Айқара Ғұмар