24 Тамыз, 2018

Елбасы Нұрлан Ноғаевтың жұмысына оң баға берді

ATPress.kz. 24 тамыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жұмысына оң баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлан Ноғаевтың жасап жатқан жұмысына оң баға беремін. Ол басқаратын әкімшіліктердің барлығы да қолынан келгенше шаруаны жасап жатыр. Қолдаңдар барлықтарың, жұмысті бірге істейтін болайық. Атырау облысының жағдайы, өмірі барлық уақытта да менің назарымда. Бір жағынан қиыр батыста жатқан өңіріміз, екінші жағынан осынша инвесторларды басқарып, жөнге салып отыратын адам керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы шетелдік инвестиция, тәжірибе мен білім болмаса, еліміздің батысындағы күрделі кен орындарын игере алмайтындығымызды атап өтті.

«Бір жыл жанған 37-ші ұңғыма болып еді ғой. Америкалықтар келгенше бүкіл Кеңес одағы болып түк істей алмады. Біздің мынау құрамының 20 пайызы күкірт кен орындарынан мұнайды қалай алар едік? Байлығымыз бар, бізден кейінгі ұрпаққа да жететін болады», - деді Мемлекет басшысы.


Айқара Ғұмар

Фото inform.kz сайтынан алынған

Тегтер: Президент Атырау жұмыс сапар