10 Тамыз, 2018

Биыл Атырауда 23 жаңа аялдама павильоны орнатылады

ATPress.kz. 10 тамыз. Биылғы жыл соңына дейін Атырауда 23 жаңа аялдама павильоны орнатылады.

Ал, жеті аялдамада дүкен жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы.

Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаевтің айтуынша, жаңа аялдамалар ең алдымен Баймұханов, Тайманов және Владимирский көшелері секілді кеңейту жұмыстары жүргізілген көшелерге орналастырылмақ.

«Аялдамалар Беларусь елінен шығарылған. Орнату жұмыстарымен «Атырауинжстрой» ЖШС айналысады. Олардың ішінде кешенді аялдама, кішігірім павильон болады. Халықтың ыңғайлығына қарай жеті аялдамада дүкен жұмысын бастайды», - дейді Нұрлан Таубаев.

Аялдамалар келесі кезекте орналасады, яғни Баймұханов көшесінде 4 аялдама бес метрлік және 4-еуі он метрлік, Владимирский көшесінде 6 бес метрлік және 2 он метрлік, Тайманов көшесінде 1 он метрлік және 6 бес метрлік аялдама болады.

«Жаңа аялдамалар облыс орталығының сәні болатыны анық. Аталған жоба бірнеше бағытты қамтитын «Қалалық орта» жаңа бағдарламасы аясында Атырау қаласы әкімімен бірлесе отырып жасалуда. Жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылады», - дейді «Атырауинжстрой» ЖШС-нің баспасөз хатшысы.


Айқара Ғұмар

Тегтер: аялдама павильон орнату Атырау