10 Тамыз, 2018

Индерде бірнеше мектеп және спорт алаңдары салынады

ATPress.kz. 10 тамыз. Құрылыс жұмыстары бойынша, өткен жыл Индер үшін табысты болды.

Ауданда үш бірдей Ынтымақ, Аққала, Құрылыста орта білім беретін оқу орны, Жарсуатта саз мектебі, Индерборда балабақша, Көктоғайда амбулатория салынып, пайдалануға тапсырылды. Биыл Бөденеде балабақша мен мәдениет үйі, Есболда да осындай ғимарат құрылыстары тапсырылуға дайындалу үстінде.

Сонымен қоса, Индербордағы «Болашақ», «Шығыс» ықшам аудандарына инженерлік инфрақұрылымдар тартылып, 700-ге тарта тұрғын оның бүгінде игілігін көре бастады. «Көктем» мектебіне 80 орындық және Көктоғай ауылындағы Б. Нысанбаев атындағы орта мектебіне 120 орындық жапсаржай құрылыстарына сараптама жүргізіліп, қорытынды алынды. Ендігі жерде Жарсуат пен Көктоғайда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу жұмыстарының жобасы жасақталу үстінде. Сондай-ақ Елтайдағы М. Сиранов, Өрліктегі Қ. Абақанов, Көктоғайдағы Б. Нысанбаев атындағы орта мектептер жанынан спорт алаңдарының іске қосылуы осы бағыттағы жұмыстардың жоспарлы жүріп жатқынының бір дәлелі, дейді Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Иманғазиев.


С. Халықов

Тегтер: мектеп спорт алаң құрылыс Индер