09 Тамыз, 2018

WhatsАpp-та қауіпті «Момо» ойыны пайда болды

ATPress.kz. 9 тамыз. Әлем бойынша балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіретін «Синий кит» сияқты «Момо» ойыны пайда болды.

Өзге суицидтік ойындар сияқты мұнда да балаларға түрлі бұйрықтардың жинағы жіберіліп отырады, деп хабарлайды Baq.kz. Егер жасөспірімдер қорқынышты ойынға қатысудан бас тартса, оларға қоқаң-лоққыға толы хаттар келе бастайды. Мұның барлығы «Синий кит» ойынын еске түсіреді.

Оның үстіне көпшілікті «Момо» есімді бір түрлі қолданушы қорқытады. Ол аватарына жапондық мүсінші салған суретті қойған. Белгісіз жан балаларға бастапқыда зорлық-зомбылық бейнеленген суретті жібереді, одан кейін «өз ережесімен ойнауға» бұйрық береді.

Әрине, көптеген бала мұндай ойынға қатысудан бас тартады, сол кезде анонимді куратор түрлі себептермен қорқытады. Бұл ойынды ойнаған адамдардың өзіне қол жұмсау деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары екендігі дәлелденген.

Мексика билігі бұл іс бойынша бірінші болып дабыл қаққан. Киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлер WhatsАpp арқылы тарайтын бұл ойынның кураторларын құрықтау үшін бар күшін салуда.


Айқара Ғұмар

Фото kp.ru сайтынан алынған

Тегтер: синий кит момо ойын қауіп