08 Тамыз, 2018

Жайыққа батып кеткен 18 жастағы баланың денесі табылды

ATPress.kz. 8 тамыз. Атырауда Жайыққа батып кеткен 18 жастағы баланың денесі табылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 7 тамыз күні Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылының тұсында тіркелген. 2000 жылы туған жасөспірім рұқсат етілмеген жерде суға шомылған.

Баланың денесін іздеуге Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының 3 адамы және 1 жүзу құралы жұмылдырылыпты.

Нәтижесінде, сағат 17.30-да баланың өлі денесі табылып, су бетіне шығарылды.


Айқара Ғұмар

Фото sputniknews.kz сайтынан алынған

Тегтер: Жайық су дене бала