08 Тамыз, 2018

«Индер Темір жолы» ЖШС-нің 53 жұмысшыға 6 млн теңгеден астам берешегі бар

ATPress.kz. 8 тамыз. Атыраудағы «Индер Темір жолы» ЖШС-нің 53 жұмысшыға 6 миллион 462 мың 379 теңге берешегі бар.

Бұл заң бұзушылықты көлік прокуратурасының ұсынысымен Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы тексеріс кезінде анықтаған.

Осы ретте, биыл 23 ақпан күні мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының №30 нұсқамасы беріліп, әкімшілік іс қозғау арқылы «Индер Темір жолы» ЖШС-іне 144 300 теңге айыппұл салынған.

Жұмыс берушінің жұмысшылар алдында еңбекақыларын төлеттіру мақсатында Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы, Атырау облысы көлік прокурорының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке сот орындаушының қатысуымен «Индер Темір Жол» ЖШС-нің директоры шақыртылып, кездесу өткізіліпті.

Кездесу барысында аталған мекеме директорының міндетін уақытша атқарушы Е. Бегалин, кәсіпорынның экономикалық жағдайы төмендеуі салдарынан еңбекақы борышын өтеуге мүмкіндік болмай отырғанын баяндаған.

Нәтижесінде, жұмыс беруші жұмысшылардың жалақыларын биылғы жылдың 10 тамызына дейін толығымен есептесіп, шешімін табатынын айтты.


Айқара Ғұмар

Тегтер: берешек еңбекақы прокуратура еңбек инспекция Атырау Индер