08 Тамыз, 2018

Құрманғазы ауданында ІТ сынып ашылды

ATPress.kz. 8 тамыз. Құрманғазы ауданында орналасқан Абай атындағы орта мектепте ІТ сыныбы ашылды.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев саяси ұйымның негізгі мақсаттарының бірі - оқушыларға сапалы білім беруді жолға қою екенін айтты. Әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену үшін жаңа бағыттарды, технологияларды терең меңгеруге тиіспіз» деген ол, ІТ сыныптардың алдында үлкен міндет тұрғанына тоқталды.

ІТ орталықта интернет желісіне қосылған 16 компьютер қойылған. Арнайы сабақ түсіндіретін мультимедия тақтасы, басқа да қажетті құралдар бар. Құрманғазы ауданының әкімі Бибоз Шаяхметовтің айтуынша, мектептер қыркүйек, қазан айларында кең жолақты интернетпен қамтылады. Сондай-ақ, Азғыр өңірінде спутник байланысы көмегімен интернет желісінің жылдамдығын арттыру көзделіп отыр.


Қанат Ғұмаров

Тегтер: Құрманғазы аудан ІТ сынып мектеп