07 Тамыз, 2018

Ерекше балаларға жабдықтар табыс етті

ATPress.kz. 7 тамыз. Жылыой ауданында ерекше балабақша жұмыс істейді. Мәселен, «Гүлдәурен» балабақшасы 2016 жылдан бері түзеу және инклюзивті кабинетін іске қосты.

Балабақша меңгерушісі Л. Құрманбекованың айтуынша, кабинетке 17 бала келеді. Ерекше балалармен бес маман жұмыс істейді.

Аталған кабинетке жақында ТШО компаниясы жанындағы Әйелдер Ассоциациясы мен «Ынтымақ» қоғамдық ұйымы қызметкерлері балаларға арналған жаңа жабдықтарды табыс етті. Бұл жабдықтар балалардың ойлау қабілеті мен дамуына көмектеседі. Балалар да жаңа құрылғыларға ерекше қуанды.

«Теңізшевройл» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ғ. Есенова мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

 

Ж. Шаңқанова

Тегтер: ерекше балабақша инклюзивті Жылыой аудан