07 Тамыз, 2018

«Жұмыста табысты болудың құпиялары» атты тегін психологиялық тренинг өтеді

ATPress.kz. Ертең, 8 тамыз күні, Атырауда «Жұмыста табысты болудың құпиялары» атты тегін психологиялық тренинг өтеді.

Аталған іс-шара Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Тренингті психолог, коуч, бірнеше оқу құралдарының авторы, отбасылық тәрбиелеу психологы Ғайни Төкенқызы Сұлтанова өткізеді.

Тренинг барысында жұмыстағы әріптестермен қарым-қатынас, табыс сыры, өзіне сенімді һәм позитивті көңіл-күйде болу, кикілжің және оны шешудің қадамдары, жақсы маман болудың жолдары айтылады.  

Өтетін орны – «Нұрсая» ықшам ауданы, №23 үй, Жастарға қызмет көрсету орталығының ғимараты, басталуы сағат 17.00-де.  

Айта кетейік, тренингке 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Тіркелу үшін 8778 160-38-77 нөміріне алдын ала жазылу сұралады.


Айдос Қарабала

Тегтер: жұмыс табысты тегін психологиялық тренинг жастар Атырау