06 Тамыз, 2018

Мас күйінде көлік жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды

ATPress.kz. 6 тамыз. Атырауда мас күйінде көлік жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот отырысында анықталғандай, биыл 18 шілде күні, сағат 04:15 шамасында құқық бұзушы Ақжар поселкесі, «Дастан» мекемесінің тұсындағы «Атырау-Индер» тас жолында «Лада 21703» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабының алтыншы бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, жазаның өтеуі ретінде 20 тәулікке қамалды.


Айқара Ғұмар

Фото novostivolgograda.ru сайтынан алынған

Тегтер: мас көлік жүргізу сот