06 Тамыз, 2018

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

ATPress.kz. 6 тамыз. Бүгін Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің бұйрығымен аудан әкімінің орынбасары қызметіне Рашев Жантөре Сәкенұлы тағайындалды.

Жантөре Сәкенұлы Рашев 1989 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары поселкесінде (қазіргі Құлсары қаласы) дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2011 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын «қаржы бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008-2011 жылдары аралығында Құлсарыдағы «Олжа» АҚ-да еңбек жолын операторлықтан бастап, бухгалтер қызметіне дейін көтерілген.

2011-2012 жылдары Жылыой аудандық қаржы бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, кейін бас маман болып жұмыс істеген.

2012-2017 жылдары Атырау облысының Тексеру комиссиясы Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігіне бақылау жасау бөлімінің бас маманы, №2 Бюджеттерді және мемлекеттің активтерін бақылау бөлімінің бас маманы, кейін бас маман-бақылаушысы, №2 Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, бас инспектор-мемлекеттік аудиторы лауазымдарын атқарған.

Ал, 2017 жылдың тамыз айынан күні бүгінге дейін №3 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің басшысы-мемлекеттік аудиторы болып еңбек етті.

Жантөре Сәкенұлы қызмет бабында ауданның экономика, өндіріс, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларына жауаптылыққа бекітілді.


Айқара Ғұмар

Фото Жылыой ауданы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасынан алынған

Тегтер: Жылыой аудан әкім орынбасар тағайындау новостиАтырау