27 Шілде, 2018

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен барды

ATPress.kz. 27 шілде. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құрманғазы ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында аймақ басшысы Кадырка ауылында салынып жатқан үш қабатты алпыс пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын көрді.

 часкенің жалпы алаңы 1,23 гектар. Жобаның сметалық құны 753,190 млн теңге. Құрылысы жылдың басында басталған нысан келесі жылдың қаңтарында тапсырылады деп күтілуде. Облыс басшысы құрылыс материалдарының қайдан әкелініп отырғанын, нысан жұмысында не себепті кідіріс болғанын сұрады. Және құрылысқа отандық материалдарды қолдану керектігін айтып, біраз тапсырмалар жүктеді.

Сондай ақ, Атырау облысының басшысы Бұзауслан ауылында салынып жатқан 75 төсек орындық аурухана құрылысының басына барды. Аталған құрылысты жүргізіп жатқан мердігер мекеме «КАЕС Строй ко» ЖШС. Биылғы жылдың мамыр айында құрылысы басталған нысан, 2019 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарланған. Аурухананың іргетасы әзірге жарты метрдей көтерілген.

Облыс басшысы бұл жерде геологиялық зерттеудің жеткілікті деңгейде жүргізілмегендігін сынға алды. «Әлеуметтік нысан дұрыс салынуы тиіс. Жобада қате жіберілмеуі керек», - деген ол құрылысты сапалы салуды тапсырды.


Қанат Ғұмаров

Тегтер: Атырау облысы әкім Құрманғазы аудан жұмыс сапар