25 Шілде, 2018

Атыраудағы үш ауданда тамыз, қыркүйек айында газ уақытша өшіріледі

ATPress.kz. 25 шілде. Атыраудағы үш ауданда тамыз, қыркүйек айында газ уақытша өшіріледі. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы хабарлайды.

Олар 2018 жылдың тамыз, қыркүйек айларында автоматты газ тарату станцияларына профилактикалық жұмыстарын өткізуіне байланысты, Атырау облысының тұтынушыларын уақытша газбен жабдықтау тоқтатылатыны жөнінде мәлімдейді.

Бекітілген кестеге сәйкес, облыс бойынша төмендегідей аудандардың тұтынушыларын газбен жабдықтау уақытша тоқтатылады:

- Құрманғазы ауданында 8 тамыздан 9 тамызға дейін;

- Махамбет ауданында 14 тамыздан 17 тамызға дейін;

- Құрманғазы ауданында 15 тамыздан 16 тамызға дейін;

- Махамбет ауданында 23 тамыздан 24 тамызға дейін.

Атырау қаласының сол жағалауының оңтүстік-шығыс бағытында (Элеваторная шығыс өндірістік аумақтан бастап Дамбы ауылына дейін) 10 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін;

Мақат ауданында 10 қыркүйектен 14 қыркүйекке дейін;

Құрманғазы ауданында 19 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін газ өшіріледі.


Айдос Қарабала

Тегтер: тамыз қыркүйек газ өшіріледі Атырау аудандар