17 Шілде, 2018

Атыраулық азамат футбол додасы кезінде бәс тігіп, 10 млн теңге ұтып алды

ATPress.kz. 17 шілде. Атыраулық азамат футбол додасы кезінде бәс тігіп, букмекерлік кеңседен 10 млн теңге ұтып алған.

Ол футболдан Ресейде өткен әлем чемпионатының финалдық ойынына қаржы салған. Яғни, Франция мен Хорватия құрамасының кездесуінде француздар қарсыластарының қақпасына үш гол салатынына сенім білдірген. Сөйтіп, 3 млн 400 мың теңге ақшасын тіккен.

Нәтижесінде, жеңіске жетіп, 10 млн 302 мың теңге ұтып алыпты.

Айта кетейік, Франция - Хорватия құрамалары араларында болған финалдық ойын 4:2 есебімен аяқталып, француздар әлем чемпионы атанған-тұғын.


Айқара Ғұмар

Тегтер: букмекер ұтыс футбол финал