12 Шілде, 2018

Тұздыкөл жағасы келушілерге қолайсыз

ATPress.kz. 12 шілде. Қырық күн шілде болғанда Индерде «тұз айы» басталады.

Осы уақытта ауыл-аймақпен қатар жан-жақтан ем іздеген немесе қыдырып келген жұрттың қарасы көбейіп Тұздыкөл мен Индер карьерлеріне бет алады.

Тұздыкөлдің шипалы балшығын ежелден бүгінге дейін түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланып келе жатқаны әмбеге аян. Әсіресе, буын, нерв жүйесі, ер және әйел аурулары, тері ауруларымен қатар ең аяғы адамның бойындағы жағымсыз иістерді кетіруге де таптырмас ем.

Жергілікті ақсақалдардың айтуынша, ем іздегендер әуелі Тұздыкөл жағасындағы қасиетті әулиелердің басына тәу етеді. Тұздыкөлдің емдік қасиетін дәрігерлер де жоққа шығарып отырған жоқ. Ең басты мәселе – ем іздеп келген адамдарға осы жердегі жағдайдың жасалмауы болып отыр.

Ал, былтырдан бері қазақстандық ғалымдар Ресейдің курортология ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен бірлесіп, осы көл суының құрамын зерттеген болатын. Зерттеу барысында ғалымдар тұзды судың балшығының түрлі ауруларды емдеу мүмкіндігінің өте жоғары екендігін дәлелдеді. Индерліктердің ендігі тілегі –

Тұздыкөл басына шипажай салуға жоспарланып отырған жобаның сәтті жүзеге асуы.

 

Саламат Базарбаев

Тегтер: Индер Атырау Тұздыкөл ем