11 Шілде, 2018

Ертең «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады

ATPress.kz. 11 шілде. Құрманғазы ауданында жолдан келетін қауіп күшейіп тұр.

Құзырлы органдардың хабарлауынша, есепті кезеңдегі ахуал жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандар санының онға, қаза тапқандардың екі адамға дейін көбейгенін көрсетіп отыр.

«Бұл – қауіпті құбылыс. Жол-көлік оқиғалары санын төмендету мақсатында ертең Құрманғазы ауданы бойынша «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіледі. Шара 14 шілдеге дейін созылады», - дейді Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің инспекторы А. Ғабдолов.

 Жедел-профилактикалық іс-шара барысында мемлекеттік кірістер басқармасының, жергілікті атқарушы билік органдары өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейдтер ұйымдастырылып, жол қозғалысын қадағалаушы патрульдік полиция жасақшыларының тығыздығы арттырылады.


Б. Уахитов

Тегтер: көлік қауіпсіз жол полиция