10 Шілде, 2018

Әлимұхаммед Құттұмұратұлы қала көркін сақтауға шақырды

ATPress.kz. 10 шілде. Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы облыс орталығын аралап, бірқатар тапсырмалар берді.

«Соның ішінде, Атырау қаласының бірнеше ықшам ауданын тексеріп, қарамағындағыларға қозғалыс көп жол қиылыстарын ретке келтіру, қала орталығындағы қоқыс және құрылыс қалдықтары проблемасы, сондай-ақ тұрғын үйлердің қасбеттеріндегі ақауларды жою мен жол жиегіндегі иесіз жер учаскелерін көріктендіру мәселелері бойынша нақты міндеттер жүктеді», - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қаланы аралап шығу барысында Әлимұхаммед Құттұмұратұлы автомобиль жолдарында көліктің көптігіне назар аударды. Қарамағындағыларға қаланың қозғалыс көп жол қиылыстарындағы қолданыстағы оң бұрылыстарды кеңейту және жаңаларын салу жобасын әзірлеуді тапсырды.

Бірінші кезекте Баймұханов – Берғалиев, Бейбарыс – Амандосов, Бейбарыс – Құрманғазы, Тайманов – Бегельдинов, Владимирский – Ғұмаров көшелерінің қиылыстары белгіленді.

- Облыс әкімі облыс орталығындағы жолдарда қарбалас сәттерде автокөлік кептелістерін барынша ретке келтіруді тапсырды. Бірінші кезектегі міндет - қозғалыс көп, үлкен жол қиылыстарындағы қозғалысты жеңілдету, ағымдағы жылдың соңына дейін біз осы проблеманы шешуге тиіспіз, - деді Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Қала басшысы орталық көшелерде құрылыс қоқыстарының жатуы мен жеке учаскелердің қоршауларының, тұрғын үйлердің қасбеттерінің және жауынды күндері адам өте алмайтын балшыққа айналатын жол жиектеріндегі иесіз жер учаскелерінің көзге қораш жайын сынға алды.

- Біз қала тұрғындарын тазалық сақтау мәдениетіне әдеттендіруіміз қажет. Бірінші кезекте – қаланы тазалайтын коммуналдық қызметтердің жұмысын күшейту керек, соңғы уақытта тұрғындар біздің атымызға көптеген реніштер білдіріп жатады. Екіншіден – кәсіпкерлерді өздерінің іргелес аумақтарын көріктендіруге, учаскелеріндегі ескі, қисайған қоршауларды, құрылыс қоқыстарын, арам шөптерді жоюға дағдыландыру қажет. Үшіншіден – тұрғын үйлердің қасбеттерін жақсарту және жол жиегіндегі жерлерді, қаланы сәнді, эстетикалық түрге келтіру қажет. Осының барлығын біз ағымдағы жылдың соңына дейін шешуіміз қажет, - деді Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.

Сонымен бірге, қала әкімі Геолог ауылдық округінде болып, апатты жағдайдағы жатақхананың жай-күйімен танысып, тұрғындармен әңгімелесті.


Тасым Әбіш

Тегтер: Атырау қаласы жолдар кеңейту