10 Шілде, 2018

Бөденеде боздақтарға арналған ескерткіш ашылды

ATPress.kz. 10 шілде. Индер ауданына қарасты Бөдене ауылында боздақтарға арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіште қырық бірінші жылғы қырғыннан оралмаған бөденелік 137 боздақтың тізімі қашалып жазылған.

Индер ауданының әкімі Серік Арыстанның айтуынша, аталмыш тарихи нысан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында іске қосылып отыр. Яғни, бағдарламаның «Туған жер» жобасы аясында осыдан біраз бұрын Индер ауданында жерлестер форумы өткен болатын. Форум аясында Бөдене ауылдық окург әкімі Жанболат Ғизатов пен Атырау облысы мәслихат депутаты Сағидолла Құлғалиев өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Нәтижесінде, боздақтарға арналған ескерткіш орталық алаңға қайта жасақталып, заманауи сәулеттік нысан бой көтерді.

 

Диас Айбаров,

Бөдене ауылы

Тегтер: боздақ ескерткіш аудан Индер