10 Шілде, 2018

Аула командалары арасында футболдан турнир өтті

ATPress.kz. 10 шілде. Астананың жиырма жылдық датасына орай Құрманғазы ауданында жасөспірімдер арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Турнирге барлығы алты аула командасына бөлінген 50-ге жуық спортшы қатысты. Тартысты өткен сайыста бірінші орынды «Базар» аула командасы, екінші және үшінші орындарды «Кіші Құрманғазы» мен «Рембаза» аула командалары өзара бөлісті. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен «РТС» аула командасы марапатталды.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрі мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді өткізуге атсалысу мақсатында өткізілген турнирде жекелеген ойыншылар да марапатталды. Мәселен, «Үздік қақпашы» номинациясына Диас Бақытов, «Үздік шабуылшы» номинациясына Айсұлтан Хайржанов лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен марапатталды. Айта кетелік, турнирді Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.


Б. Уахитов

Тегтер: футбол 20жыл Астана Индер жасөспірім