09 Шілде, 2018

Мақсот Жолжановтың қазақ тарихы туралы кітабының тұсауы кесілді

ATPress.kz. 9 шілде. Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапханада аталған кітаптың тұсаукесері өтті.

Саналы ғұмырын өлке тарихын зерттеуге арнап, ұлы күйші Құрманғазының туған жылы мен өліміне қатысты деректерді алғаш рет нақтылаған Қазақстан Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, Құрманғазы кітаптың тұсаукесерауданының Құрметті азаматы Мақсот Жолжановтың «Қазақ тарихы, тіл-әдебиеті және топономикасының өзекті мәселелері» атты жаңа кітабы шыққан еді.

Тұсаукесеріне өлкетанушының қызы Гүлжан Жолжанова мен інісі Қуан Құмарұлы қатысты.

Мақсот Құмарұлы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, мұражайда ғылыми қызметкер, кейін оның директоры міндеттерін атқарды. 

«Қауырсын қаламын қолынан тастамай, ғалымдарды еріксіз мойындатып, олардың көпшілігі бата алмаған тарих, өлкетану және топономика, тіл-әдебиет, фольклор саласында айтарлықтай өнікті істер тындырды. Сол сияқты, шахмат есептерін шешу және шахмат композициясын құрастырудан Қазақстан құрамасының командасына сырттай қабылданып, Одақ және халықаралық көлемде республика намысын қорғады», - дейді Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхананың әдіскері Гүлден Хамзина.


Қанат Ғұмаров

Тегтер: Құрманғазы кітап тұсаукесер тарих